Бүгін: 23.11.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереженің 2 тармағына, Қарағанды қаласы әкімінің 2017 жылғы 28 шілдедегі №67/к өкіміне сәйкес, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөнiндегi уәкiлдің функциялары АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы Виктор Викторович Храповқа жүктелген.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдің қабылдау кестесі

ТАӘ

Лауазымы

Апта күні

Уақыты

Байланыс мәліметтері

Храпов Виктор Викторович

Қарағанды қаласы әкімі аппаратының  АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы

Әр сейсенбі

17.00-20.00

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 512 каб.

тел. 8 (7212) 42-38-94

1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (әрі қарай - Бөлім) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкестендіріліп жасалынған және кепілдемелік сипатқа ие құжат.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жасаушысы Бөлім болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласы үшін жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесін орнатуға бағытталған.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың жасалуының мақсаты, олар:

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу

қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 Қаулысы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келiсiм бойынша) осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов