Бүгін: 28.02.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Мемлекетіміздің маңызды әлеуметтік басымдықтарының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және оңалту  саласын дамыту болып табылады.

Қарағанды қаласындағы «Үміт сәулесі» ҚҚҚ-да  он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруға шалдыққан 25 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға күндізгі уақытта болу шартымен арнайы әлеуметтік қызмет ұсынылады. Аталған жобаның мақсаты қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін есепке ала отырып жеке қасиеттерін дамыту, әлеуметтендіру және интеграциялау.

Аталған жоба психоневрологиялық ауруға шалдыққан тұлғалардың әлеуметтендіру мәселелерін шешуге көмектеседі.