Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдан бастап Қарағанды қаласында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды иппотерапия арқылы сауықтыру мен оңалту» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық бюджет қаражаты есебінен осы әлеуметтік жоба «Карат» ат клубының базасында «Бота» ҚБҚҚ-мен  жүзеге асырылады.

Иппотерапия кезінде емдеу сенансы (сабақ түрінде) аттың көмегімен орындалады. Балалармен мамандандырылған иппотерапевт және атпен жүру нұсқаушысы айналысады.    2019 жылға айына иппотерапиямен жалпы қамту - 15 адамды құрады.