Бүгін: 16.12.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» №39 Заңына сәйкес мүгедектердi оңалту оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі-ОЖБ).

Әр мүгедекке медициналық айғақтамалар бойынша организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын сақтауға, толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту қызметтерін айқындайтын оңалтудың кешенді шараларын белгілейтін  ОЖБ әзірленеді. Осы бағдарламаның негізінде мүгедектер оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды кресло-арбалармен (бөлмелiк, серуендік) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз еткен жағдайда бөлмелік кресло-арбалар - жетi жыл, серуендік кресло-арбалар – төрт жыл пайдалану мерзiмiне берiледi.

Кресло-арбаларды алуға құжаттарды рәсімдеу үшін мұқтаж жандар  ОЖБ қоса тіркеп, жазбаша өтінішпен Бөлімге жүгінулері қажет.

Құжаттарды рәсімдеу бойынша толық ақпаратты «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Поспелов көшесі, 16 үй, дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00. ден 17.30 дейін, сағ.13.00 ден 14.30 дейін түскі үзіліспен, немесе 30-01-69, 30-02-33 т. арқылы )немесе Қарағанды облысының «Азаматтар үшін Үкімет» Мемелкеттік корпорациясы» арқылы алуға болады.