Бүгін: 16.12.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Біз бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы жылғы 18 қазаннан бастап 23 қазан аралығында Қарағанды қаласы әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы-ХҚКО» Қарағанды облысы бойынша департаменті және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау және қарағандылықтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.

Қала тұрғындарына қолайлы болу мақсатында жәрмеңкелер қаланың – Оңтүстік-Шығыс (№3 ХҚКО), Майқұдық («Умай» СҮ) және Пришахтинск (№5 ХҚКО), Сұрыптау (№6 ХҚКО) 4 шалғай аудандарында өткізілді.

Халық үшін жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ветеринария, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіледі.

Ісшарада 500-ге жуық азамат кеңес алды, 750-ге жуық ақпараттық брошюралар таратылды.