Бүгін: 24.09.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шағындарды өтеу болып табылады, үйде оқытылатын әрбір мүгедек балаға тоқсан сайын 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік корпорацияға:

нысан бойынша өтініш;

  1. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  2. тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
  3. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
  4. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
  5. банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
  6. бойынша оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы (бұдан әрі – анықтама);

    Толықтай кеңес алу үшін Поспелов көшесі, 16 үйде орналасқан «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ-не №1 кабинетке демалыс (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда), сағат 09.00-дан 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін  жүгінуге болады. Анықтама үшін телефондары: 30-02-33, 30-01-69.

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ