Бүгін: 24.09.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

«Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының мынадай мақсаттарын іске асыру аясында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 008 PQ қаулысымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ереже бекітілді:

- әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;

- салауатты адамдардың қуатты ұлты;

- жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:

-  әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;

-  әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;

-  бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-е немесе  «Nur Otan» партиясының «Қоғамдық бастама» www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы арқылы, осы жылдың 7 тамызға дейін мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.

Қосымша ақпараттар алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады (Поспелов көшесі, 16 үй, 12 каб. тел. 300169,300081).