Бүгін: 21.07.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ең үздік еңбек әулеттерімен және өнеркәсіп жұмысшыларын анықтау, еңбек дәстүрлерін арттыру және сақтау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу мақсатында «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуы  жарияланды.

Конкурс еңбек адамының мәртебесін қоғамда жоғарылатуға және  «Жаппай еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері қатыса алады (салаға байланысты емес).

Конкурс 3 номинациядан түрады:

1)  «Ең үздік еңбек әулеті» - марапаттар саны ең көп, еңбек өтілімі ең ұзақ,  көп мүшелі әулет таңдалады;

2) «Өндірістің ең жас жұмыскері» - еңбек өтілімі 5 жылдан көбірек, өндірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» - еңбек өтілімі 20 жылдан кем емес, аса тиімді  тәлімгер тандалады.

Әр номинация бойынша конкурстың жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар беріледі:

1 орын – 1 000 000 теңге;

2 орын – 500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1) номинацияны көрсету мен конкурсқа қатысу туралы ерікті өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинацияның тақырыбы бойынша 1-3 минут бейнеролик (жұмыс орны және дағдыларын көрсету);

4) конкурсқа қатысушы туралы (жұмыс, жанұя, құмарлық, хобби және т.б.) компьютерлік таныстыру 1-3 минут (Microsoft Power Point форматта)

5) жұмыс берушімен куәландырылған әр еңбек әулет өкілінің немесе жұмыскердің еңбек кітапшасының және басқа еңбек өтілімін растайтын құжаттардың / жұмыс орнынан анықтаманың көшірмесі;

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан кепілдемелік хат;

Бар болса (келесі құжаттардың көшірмелері):

Мемлекеттік немесе ведомстволық марапат, грамоталар, алғыс хаттар, біліктілігін арттыру бойынша сертификаттар.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылдың 20 шілдесіне дейін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де қабылданады (Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, №10 кабинет, анықтама телефондары: 56-72-27, 30-01-69).

Барлық ниет білдірген  тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталаған конкурсқа қатысуға шақырамыз.