Бүгін: 20.08.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Бұл бөлімде бірегей цифрлі өнім - «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы ұсынылған.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан туралы нағыз энциклопедия болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панормалар, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен іскерлік топтардың өкілдері үшін таптырмайтын құрал болады.

Келесі сілтеме арқылы қосымшаны он-лайн режимінде қосуға болады (http://mfa.gov.kz/mobile/demos/index.html).

Сонымен бірге қосымшаның толық нұсқасын файл түрінде жүктеп, кейіннен оны жеке компьютеріңізге орната аласыз (http://mfa.gov.kz/ Kazakhstan_08022018.zip).

Мобильді құрылғыны қолданушылар үшін қосымшаның App Store және Play Market нұсқалары ашық.