Бүгін: 24.05.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қарағанды қаласында 2019 жылдың мамыр айынан бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру ұсынылады:

- кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға.

Аталған көмекті алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (Поспелов көшесі, 16 үй, тел.300169, 300064. жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағ.9.00 ден 17.30 ға дейін, анықтама телефондары: 300169, 300228) келесі құжаттармен жүгіну қажет:

  1. Көп балалы отбасылар ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (10504 теңге, 16160 теңге) алушылар үшін – жеке төлқұжат (көшірмесі), жолақы билеті үшін «Қазпошта» АҚ ашылған шот болуы қажет (шотты «Қазпошта» АҚ барлық бөлімдерінде ашуға болады);
  2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушысы (10504 теңге) болып табылмайтын көп балалы аналар үшін - жеке төлқұжат (көшірмесі), мекен жай анықтамасы, барлық балалардың туу туралы куәліктері, жолақы билеті үшін «Қазпошта» АҚ ашылған шот болуы қажет (шотты «Қазпошта» АҚ барлық бөлімдерінде ашуға болады).