Бүгін: 24.05.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

>2019 жылдың 27 наурызында Қарағанды қаласының әкімдігінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяның төрағалық етуімен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері, жергілікті атқару органдарының, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер қауымдастығының, қаладағы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты.

 

 Отырыста мынадай:

  1. Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жалақы, міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер туралы.
  2. Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы қызметкерлердің жалақысы төмен санаттарының жалақысын жоғарылату, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыстан босатылуына жол бермеу туралы мәселелер қаралды.

Мәселелерді қарау және талқылау қорытындылары бойынша комиссия мынадай шешім қабылдады:

1 мәселе бойынша:

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысына (Рахымбаев А.Ж.):

1.1.  Қарағанды қаласындағы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда МЗЖ, әлеуметтік аударымдар аударудағы берешектер бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізу (Мерзімі: үнемі).

1.2. Қарағанды қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша төмендеу орын алған Қарағанды қаласының кәсіпорындары бойынша ай сайын салыстырып тексеру жүргізу (Мерзімі: ай сайын).

1.3. Қарағанды қаласы кәсіпорындарының арасында міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешекке жол бермеу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру (Мерзімі: үнемі).

  1. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының (Ахметбеков К.М., келісім бойынша) және Қарағанды қаласы Октябрь ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының (Алин К.Ж., келісім бойынша) басшыларына

2.1. ҚР заңнамасына сәйкес Қарағанды қаласының кәсіпорындарында және жеке кәсіпкерлерінде міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешекті жою жөнінде шаралар қабылдау (Мерзімі: 01.05.2019ж.дейін).

2.2. Қасақана төлемеушілерге  ҚР заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану (Мерзімі: 01.05.2019 ж. дейін).

2.3. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын уақтылы аудару туралы және уақтылы төлемеген жағдайдағы зардаптар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу (Мерзімі: үнемі).

2.4. Қызметкерлерді бейресми жалдаудан сақтандыру және алдын алу үшін бизнес субъектілеріне баруды ұйымдастыру  (Мерзімі:01.06.2019ж. дейін.).

  1. Қарағанды облысының Аймақтық кәсіпкерлер палатасына (Кульпейсов Е.Д., келісім бойынша) «Еңбек шартын жасаңыз» акциясының аясында коммерциялық объектілердің меншік иелері мен еңбек инспекторларын тарта отырып, кәсіпкерлік қызметтерін базарларда, супермаркеттерде, сауда үйлерінде жүзеге асырып жатқан жекеше кәсіпкерлік (жалға алушылар) субъектілерімен жалдамалы қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуге ұсыныс жасау (Мерзімі: 01.06.2019ж. дейін).
  2. Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына (тізім бойынша) қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудару бойынша шұғыл шаралар қабылдауға ұсыныс жасау (Мерзімі: 15.04.2019ж. дейін).
  3. «Гефест» МК басшысына (Бейсегеримов А.С., келісім бойынша), «Асылсай» ЖШС директорына (Нурманов Д.Г., келісім бойынша) ұсыныс жасау:

5.1. Қызметкерлердің жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерін өтеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға (Мерзімі:15.04.2019ж. дейін).

5.2. Берешектерді өтеу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не ұсынуға (Мерзімі: 15.04.2019ж. дейін).

 2 мәселе бойынша:

  1. Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына:

1.1. жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын жоғарылату кезінде кәсіпорын қызметкерлері санының төмендеуіне жол бермеуге (Мерзімі: үнемі).

1.2. жалақының жоғарылауымен байланысты өзгерістерді еңбек шарттарында, ұжымдық шарттарда (болған жағдайда), сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде (мысалы, штаттық кестеде және оны бекіту туралы бұйрықта) міндетті түрде көрсетуге ұсыныс жасау (Мерзімі: үнемі).

  1. Қарағанды облысының Аймақтық кәсіпкерлер палатасына (Кульпейсов Е.Д., келісім бойынша), кәсіпкерлер қауымдастығына (келісім бойынша) кәсіпорындар мен ұйымдарда проблемалы мәселелерді шешуге бағытталған шаралар қабылдауға, инвестициялар тарту және инновациялар енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға ұсыныс жасау(Мерзімі: үнемі).
  2. Қала кәсіподақтарына (келісім бойынша) жұмыс берушілермен бірлесіп қызметтерді тұрақтандыру және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерінің алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге(Мерзімі: үнемі).

   

«Қарағанды қаласының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ