Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 17 қаңтарында «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан бойынша үйде әлеуметтік көмек көсрету бөлімшесі» КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын талқылау үшін ұжыммен кездесу өтті.

Ерекше назар сапалы жұмыспен қамту және әділ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін, сондай-ақ еңбек нарығының тиімділігін, өнімді жұмысқа орналасуды және бірыңғай электрондық еңбек биржасын енгізуге аударылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуының стратегиялық бағыттарын анықтады. Біз жоғары халықаралық деңгейдегі заманауи экономиканы құратынымызға сенімдіміз.