Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Жаңа жыл мерекесі -  әр үйге әр жылдың соңында келетін әдемі, мейірімді ертегілердің кезеңі.

Қарағанды ​​қаласында жыл сайын мүгедектігі бар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға Жаңа жылдық көңіл-күйді және мерекелік атмосфераны қалыптастыру мақсатында жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Балалар үшін – бұл қуанышпен күтетін ерекше, сиқырлы мереке болып табылады, ал біз үшін - балаларға бақыттың бір бөлігін сыйлау және олардың бетіндегі күлкіні көрудің тағы бір мүмкіндігі.

«Хэппи Холидей» мерекелік агенттігімен бірге балалар үшін  «Казиза», «Ак Отау», «Наурыз», «Алмагуль», «У Петровича» сияқты қаланың кафе және мейрамханаларында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен шыршаның жанында жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық көрсетілімдер маусымы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекшілігімен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде өтті, балалар мен олардың ата-аналары жаңа жылдық жарыстарға белсене қатысып, шырша айналасында айналмалы би билеп, әрине Аяз Атадан тәтті сыйлықтар алды. Әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде сыйлықтар мен тәттілерді ұсынумен қуаныш сыйлады.

Балаларға қуанышты көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында «Ступени» дамыту оралығымен, «Алмаз» сауда үйімен, «Азбука» балалар ойын-сауық орталығымен жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өткізілді.

«Сафари паркі» ойын алаңында «Новый год зажигает огни» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті, мұнда барлық балалар ертегілер мен құпиялар әлеміне еніп, әр балаға керемет әсер қалдырды.

Қаламыздың ұйымдастырушылары мен меценаттарының арқасында Жаңа жыл шыршасы, Аяз Ата мен Ақшақар, көңілді әндер мен дөңгелек билер – бұның барлығы мыңнан астам балаға мерекелік атмосфера мен жақсы көңіл-күйді қалыптастырды.