Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Жаңа жыл әлемнің барлық елдерінде қуанышпен атап өтілетін ең сүйікті және жарқын мерекелердің бірі. Жаңа жыл - бұл бүгіні мен болашағын, керемет армандар мен жаңа мақсаттарды керемет түрде байланыстыратын мереке.

Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар балаларға бақытты, қуанышты көңіл-күйді қалыптастыру, балаларды басқаларға қуаныш сыйлау ниетін тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғалар үшін «Казиза» мейрамханасында концерттік бағдарламамен мерекелік түскі ас ұйымдастырылды, сонымен қатар, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен және тәтті сыйлықтардың ұсынылуымен жаңа жылдық мерекелік іс-шаралары өткізілді, іс-шарада дискотека мен әр түрлі жаңа жылдық ойындар жүргізілді.

Балаларға арналған «Азбука» даму орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға «Новогоднее настроение»  акциясы өткізілді, бағдарламада жаңа жылдық шыршаның алдында қойылымдар, би, сыйлықтардың ұсынылуымен ойындар ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шараларды өткізу барысында 526 бала қамтылды.