Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Қарағанды ​​қаласында «Рухани жанңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік – елдің еркіндігі!» жобасы іске асырылды.

Бұл жобаның мақсаты – отан сүйгіштік сезімін тәрбиелеу, отанға деген махаббат пен құрметті, қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Қаланың мәдени-ойын-сауық мекемелерінде бірқатар тақырыптық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, слайд-шоу өткізілді, мүмкіндігі шектеулі балаларға қойылымдарды қарау үшін театрларға бару ұйымдастырылды, «Ең басты игілігіміз - Тәуелсіздік» атты суреттер көрмесі өткізілді, жалғызбасты зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік жинытқытары мен және естелік сыйлықтарын ұсынумен қайырымдылық акциялары өткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 75 жастан асқан 21845 тұлғаға арнайы шоттарына 3000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек аударылды, төленген жалпы қаржының сомасы 65 535,0 мың теңгені құрады.

Барлық іс-шаралар барысында жалпы 22 мыңнан астам адам қамтылды.