Бүгін: 11.08.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты ағымдағы жылдың маусым айына жеке көмекшілермен көрсеткен қызметтерге құжаттарды қабылдау (орындалған жұмыс туралы акт, ілесіп-жүру туралы парағы) электрондық форматта (сканерленген нұсқалар) жүзеге асырылады.

Осыған байланысты құжаттардың электронды түрі - (орындалған жұмыс туралы акт, ілесіп-жүру туралы парағы) осы жылдың 12 шілдесіне дейін бөлімге Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына немесе «WhatsApp» 87071172377 нөміріне жіберуге болады.  Сондай-ақ, құжаттарды қабылдау 4 пунктте үйдегі әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелерін жеке көмекшінің жұмыс актілерін және ілесіп жүру парақтарын жинауға арналған жәшіктер орнатылды: Карбышев көшесі, 14/2 үй; 17 шағын аудын, 42 үй; 22 шағын аудан, 20 үй және «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Поспелов көшесі, 16 үй.

Анықтама телефоны: 30-02-33.

Сіздің қолыңызда орындалған жұмыстар актісінің, ілесіп жүру парағының бланкісі болмаған жағдайда, бекітілген акт пен ілесіп жүру парағының пішімін сақтай отырып, ақ парақта (А4) толтыруға жол беріледі, бұл ретте актінің және ілесіп жүру парағының нысанын сақтауды сұраймыз!!!

Сонымен бірге жеке көмекшінің орындалған жұмыс туралы акт және  ілесіп-жүру туралы парағы ескі нұскада және жаңа нұсқада қабылданады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 12 шілдесінен кейін ұсынылған есептердің төлемі ағымдағы жылдың тамыз айында төленетіндігін хабарлаймыз.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап бөлім жоғарыда аталған ережелерге сәйкес жаңа үлгі бойынша орындалған жұмыс туралы акт, ілесіп-жүру туралы парақтарын қабылдайды.