Бүгін: 07.07.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап «enbek.kz» порталында электрондық келісімшарттарды тіркеу қызметі іске қосылды.

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі» (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабы 2-тармағы 27-тамақшасына сәйкес,  жұмыс беруші  осы Кодекстің 28-бабындағы 1-тарамағы және 1), 2),3),4),5) және 13) тармақшаларында қарастырылғандай, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде анықталғандай, жұмыскермен еңбек шартын жасау және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты енгізуге міндетті (2020 ж.20 мамырындағы енгізілген өзгертулерге сәйкес)

Осыған байланысты, «Электрондық еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі» ААЖ электронды дерекқорына кәсіпорындағы қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты енгізу бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

 

 

        

Құрметпен

                   «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ