Бүгін: 06.07.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі (бұдан әрі - Бөлім) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезіндеипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан мақұлдау алған адамдарданбастапқы жарнасын жабуға тұрғын үй сертификаттарын алуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 10 маусымнан бастап жүргізіледі.

Тұрғын үй сертификаттары келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

1) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3) Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Тұрғын үй сертификатын алу үшін келесі құжаттар қажет:

1)бекітілген нысандағы өтініш (Бөлімде ұсынылады);

2) өтініш берушінің және барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);

3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама;

4) ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй заемын беруді мақұлдау туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» АҚ ҚОФ-нің хаты.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, 10 каб. Тел. 8 (7212) 56-72-27.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9.00 – 18.30 сағ.,  түскі үзіліс 13.00 – 14.30 сағ.