Бүгін: 28.05.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қарағанды қаласының бюджетінде атаулы және мереке күндеріне біржолғы материалдық төлем түрінде қаражат қарастырылған.

1) Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне:

- Ауғанстандағы жауынгерлік іс-шаралардың қатысушыларына – 100000 теңге көлемінде;

2)Чернобыль АЭС-дағы апат күніне:

-1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға - 100000 теңге көлемінде;

- Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына - 30000 теңге көлемінде;

3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтуге:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 млн.теңге көлемінде;

- еріксіз ұстау орындарының бұрынғы тұтқындарына, Ленинград қаласында қоршау кезеңінде жұмыс  істеген тұлғаларға, жалдама құрамаларындағы адамдарға – 200,0 мың.теңге көлемінде, тыл еңбеккерлеріне және 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істегендерге (қызмет еткендерге), Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабарсыз кеткен, қайтыс болған) зайыбына (жұбайына), қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) – 50,0 теңге көлемінде.

Материалдық көмек алушылардың зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін ашылған арнайы шоттарына өтініш талап етпей аударылды.

Бұл көмекті бүгінгі күні 4565 адам алды.