Бүгін: 28.05.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

2020 жылы біздің еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын тойлайды.

Тарихымызда халық аз сынаққа ұшырамады. Бірақ Ұлы Отан соғысы өз ауқымымен, қирауларымен және адам құрбандары бойынша біздің мемлекетіміздің тарихында тең болған жоқ. Біздің жеңісіміз де маңызды!

Бүгінгі күні Қарағанды қаласында 30 соғыс ардагері мен мүгедектері (оның ішінде: 22-і Қазыбек би ауданы бойынша тұрады, 8-і Октябрь ауданы бойынша), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген 3600 тұлғалар (еркін жалданған, тұтқындар, қоршаудағы азаматтар, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің жесірлері, тыл еңбеккерлері) тұрады.

Барлық соғыс ардагерлері мен мүгедектері қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарына тұрақты негізде бекітілген.

Мемлекеттік мейрамдарда, туған күндері, мерейтой күндері, сондай-ақ, жұмыс күндері де демеушілер жақын адамдар сияқты аудандық ардагерлер кеңестерімен бірге ардагерлерді құттықтап, гүл шоғы мен естелік сыйлықтар табыс етеді.

Жыл басынан бері "Сулпак" сауда үйі, "12 месяцев" құрылыс дүкені, Қарағанды металлоконструкция зауыты, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС құю зауыты, "Борусан Макина" ЖШС, "Қарағанды Су қоймалары" КМК, Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты, "Умай" СҮ, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ филиалы және басқа да ұйымдар біздің ардагерлерімізді үнемі қолдайды.

Сонымен қатар, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әйел соғыс ардагерлерін, соғысқа қатысушыларының жесірлерін, қаланың ұзақ өмір сүрушілерін қала әкімі, аудан әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшыларымен үйлеріне барып қайтты. Оларға раушан гүлдері мен мерекелік азық-түлік себеттері сыйға тартылды.

Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Қарағанды қаласының мемлекеттік органдары, қалалық мәслихат депутаттары майдангерлердің үйлерінде құттықтап, оларға мемлекет басшысының құттықтауын, мерекелік медаль, мерекелік азық-түлік себеттері мен гүлдерді табыс етті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды тыл еңбеккерлеріне аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің қызметкерлері және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің қызметкерлері үйлеріне тапсырды. Мерекелік медальді табыс ете отырып, оларды алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық, рух сергектігін, туған-туысқандары мен жақындарын құрметтеуге деген сүйіспеншілігін тіледі.

Ағымдағы жылы ҰОС Жеңіс күнінің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне 31 ҰОС ардагеріне 1 млн.теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, оларға теңестірілген 3600 тұлғаларға, олар Ленинград қаласында қоршауда жұмыс істеген азаматтар, ерікті жалдама құрам тұлғалары, концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 200,0 мың теңге, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің жесірлері мен әйелдеріне - 50,0 мың теңге, жалпы сомасы 218 350,0 мың теңгенң құрады.

Біз үшін Жеңістің 75 жылдығы-ата-бабаларымыз үшін, олардың ерліктері үшін, Отанымызға деген сүйіспеншілік үшін естелік, мақтаныш пен құрмет.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы-Ұлы халықтың ерлігі мен ерліктері үшін мақтанышқа 75 жыл!

Ардагерлер біздің ұлы мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ұлы Отан соғысы батырларына мәңгілік естелік! Тірі майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне денсаулық пен күш-көзін тілейміз! Ал барлығымызға-бейбітшілік, жақсылық және гүлдену болсын!