Бүгін: 21.07.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

«Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының мынадай мақсаттарын іске асыру аясында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 008 PQ қаулысымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ереже бекітілді:

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ең үздік еңбек әулеттерімен және өнеркәсіп жұмысшыларын анықтау, еңбек дәстүрлерін арттыру және сақтау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу мақсатында «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуы  жарияланды.

Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бірлесіп «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстарын өткізеді. 

Мақсаты  - одан әрі оқу, жұмысқа орналасу немесе еңбек қызметін жалғастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімін жетілдіру  қажеттілігін қамтамасыз ету.

Қарағанды қаласының әкімдігінде 06.20.2019 жылы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяның төрағалығымен «Yntymag» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің Қазақстандық кәсіподағы» РҚБ өкілдерімен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 жарлығына сәйкес, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді.