Бүгін: 21.07.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

ОО ЦРИ «Лайықты өмір» - тел.43-10-67, 43-30-97, 433652, 425507

КФ ОО «Казахское Общество Слепых» Карагандинской области – тел.56-05-68, 39-56-82, 8-708-436-38-39

ОБФ «Лучик надежды» - тел.34-71-14, 34-71-13, 8-700-966-84-03

Қарағанды қаласында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды иппотерапия арқылы сауықтыру мен оңалту» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты баланың белсенді және белсенді емес қозғалысын қалпына келтіру және жақсарту болып табылады. Баланың функционалды мүмкішіліктерін жақсарту. Ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға көмек.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық бюджет қаражаты есебінен осы әлеуметтік жоба «Карат» ат клубының базасында «Бота» ҚБҚҚ-мен  жүзеге асырылады.

Иппотерапия кезінде емдеу сенансы (сабақ түрінде) аттың көмегімен орындалады. Балалармен мамандандырылған иппотерапевт және атпен жүру нұсқаушысы айналысады. Бала иппотерапия маманымен оған арнайы әзірленген жаттығуларды орындайды.

Бір айда иппотерапиямен 12 адам қамтылады.

Толық ақпаратты «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Поспелов көшесі, 16 үй, дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00. ден 18.30 дейін, сағ.13.00 ден 14.30 дейін түскі үзіліспен, немесе 30-01-69, 30-00-81 телефон арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған жобаларды дамыту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында 2018 жылғы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» Республикалық көрмесін өткізіду жоспарлайды.

Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың осал топтарының, оның ішінде, өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленеді.

«Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы)құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы   қаулысына сәйкес, мүгедектерді мемлекеттік бюджет есебінен оңалту жөніндегі жеке бағдарлама негізінде мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мынадай құралдармен қамтамасыз етіледі:

Қарағанды қаласында ерекше қажеттіліктерге мұқтаж 24 мыңға жуық адам тұрады. Олардың әрқайсысы әлеуметтік көмекке мұқтаж.  Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсаты бойынша ҚР «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңының мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес келесі әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіледі:

Халықты  ақпараттандыру қолжетімділігін арттыру үшін Қарағанды   облысының  Прокуратурасы invalidi.do.am  сайтын  әзірлегенін хабарлаймыз.

Сайтта пайдаланушылар мүгедектікті тағайындау критериялары, рәсімдеу тәртібі жөнінде, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және тағы да басқа жеңілдіктер туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.