Бүгін: 26.09.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі

«Жастар практикасы» - бұл ЖОО мен колледж түлектерін мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары.

Бағдарламаның мақсаты:

      -  кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу;

      -  кәсіби білімнің, біліктіліктің, дағдылардың практикалық тәжірибесін алу және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

ӨТУ ҮШІН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

- Аяқталған жоғарғы білім немесе техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)

      - Жасы 29 жастан жоғары емес.

 

 Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.