Бүгін: 26.09.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы айлық орташа табысы кедейшілік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекетпен берілетін ақшалай нысандағы төлем.Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған тұлғаларға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Шартты ақшалай көмек – аз қамтылған тұлғаларға (отбасыларға) олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларынаміндетті түрде қатысуы жағдайында және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шаралары қажет болған кезде ай сайынғы немесе бір реттік ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға кімдер үміткер?

Жан басына шаққандағы айлық орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын, Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар.

Қажетті құжаттар:

- жеке басын куәландыратын құжат;

- жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы мәлімет;

- атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша өкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәлімет;

- баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болғандығы) туралы куәлігі;

- неке қию (ажырасу) туралы куәлік.

 

Жұмыс берушілер мен инвесторлар үшін:

- қажетті қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу.

Көрсетілетін қызметтер Жұмыспен қамту орталығымен тегін ұсынылады.

 

Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.