Бүгін: 24.09.2019
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14892 болып тіркелді.

Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:

  1. жұмыссыз азаматтар үшін арнайы арналған;
  2. жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

«Қоғамдық жұмыстар» - Халықты жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылатын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

Бағдарлама қатысушылары үшін:

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі

«Жастар практикасы» - бұл ЖОО мен колледж түлектерін мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары.

«Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мынадай қызметтер көрсетеді.

Азаматтар үшін:

- келген адамдарды жұмыс іздеушілер және жұмыссыздар ретінде тіркеу;

Кәсіптік оқыту –жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;

Кәсіптік оқыту мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы айлық орташа табысы кедейшілік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекетпен берілетін ақшалай нысандағы төлем.Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.