Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

 Қарағанды қаласында өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қарастырылған: табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы, жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінің 0,6 еседен аспауы негіздеме болып табылады.

       Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысандағы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

     3) нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.