Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қарағанды қаласында қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығына келесі санаттағы азаматтар ие:

1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері 21 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылар, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылары;

2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылары;

3) бала кезінен, еңбектік зақымдануға, жалпы және кәсіптік сырқатқа байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылары;

4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылары;

  • кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға.

7) жетім – балалар;

8) ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

9) дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі болатын балалар;

10) мүгедек балалар;

11) көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;

12) ата – анасының бірінен айырылған балалар;

13) жалғыз басты аналардың балалары арасынан күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне.

Аталған көмекті алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (Поспелов көшесі, 16 үй, тел.300169, 300064. жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағ.9.00 ден 17.30 ға дейін, анықтама телефондары: 300169, 300228 ) жеке төлқұжат, алатын жәрдемақы және зейнетақы мөлшері және түрі туралы анықтамасы, мекен жай анықтамасы, жолақы билеті үшін «Қазпошта» АҚ ашылған шот болуы қажет (шотты «Қазпошта» АҚ барлық бөлімдерінде ашуға болады), арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушысы (10504 теңге) болып табылмайтын көп балалы аналар үшін - барлық балалардың туу туралы куәліктері,күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қосымша қажет: оқу орнынан анықтама (оқу мерзімінің көрсетілуімен), кәмелетке толмаған тұлғаларға – туу туралы куәліктің қосымшасымен жүгіну қажет.