Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

 Қарағанды ​​қаласында үйде әлеуметтік көмек көрсетудің екіаудандық бөлімшесі жұмыс істейді, онда 1625 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 160 адам, 312 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі. Оларға арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі ұсынылады, бұларәлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік- еңбек қызметтері және т.б.

Әлеуметтік қызметкерлер әрбір қызмет алушыға жеке жұмыстан басқа, дәрі-дәрмектердіжеткізіп беруге, азық-түлік сатып алуға,және басқа да көмек түрлерін алуға тұрақты түрде көмек көрсетеді, барлық атаулы және мереке күндерде қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады.

Әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметі«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдарғакөрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын растайтын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны;

3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмені (қарттар үшін талап етілмейді);

4) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесін;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмелері;

6) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдау «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де (Поспелов көшесі 16 үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, анықтама телефондары 300169, 300228) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚКО) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейінжүргізіледі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.