Бүгін: 03.04.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары» (2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184) сәйкес, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру жүзеге асырылады.

Саяси себептер бойынша елден аласталған, тұрған жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аулақтатылған (айдауға немесе жер аударуға жiберiлген), арнайы қоныс аударылған, бостандығын шектеп еңбекке ықтиярсыз тартылған, сондай-ақ әкiмшiлiк тәртiппен құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе шектеулерге ұшыраған, әкiмшiлiк тәртiпте немесе сот емес органдар шешiмдерi бойынша психиатриялық мекемелерде емдеуге күштеп жатқызылған адамдардың бәрi ақталған адамдар деп есептеледі.

Сол себепті, өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін келесі құжаттардың қосымшасымен жүгіну қажет:

    1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік корпорация өтініш тіркелген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде өтініш иесіне куәлік береді.