Бүгін: 28.05.2020
Әлемдік дағдарыс әлемнің көптеген елдеріне әсер етті. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру маңызды.Н.Ә. Назарбаев

Искаков Жанай Боранкулович, 1971 жылы 02 желтоқсанда Қарағанды облысы, Жаңа-арқа ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1989 жылы маусымда Қарағанды облысы, Жаңа-арқа ауданы, Қарағаш ауылының орта мектебін бітірді. 1990-1992 жж. ҚСРО Әскери күштері қатарында әскери борышын өтеді. 1996 жылы Қазақ тұтыну кооперациясы институтын (экономика факультеті) «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы «Болашақ» Қарағанды маңызды білім беретін жеке университетін  «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылдың маусымынан 1998 жылдың тамыз айына дейін Жәйрем МСК-де экономист қызметінде жұмыс істеді (Қарағанды облысы, Жәйрем с.).

1998 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың шілде айына дейін «Жайремэнергокомхоз» ЖШС-де аға-экономисті қызметінде істеді.

1999 жылдың қараша айынан 2005 жылдың ақпан айына дейін «Октябрь ауданының Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі» ММ әр түрлі қызметтерде жұмыс істеді (Қарағанды қаласы).

2005 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін басшының орынбасары, одан соң, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.

2015 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың қыркүйек айына дейін «Қарағанды облысының жерді пайдалану және қорғауды бақылау бойынша басқармасы» ММ басшының орынбасары (Қарағанды қаласы).

2020 жылдың 19 ақпанынан бастап Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарады (Қарағанды қаласы).

Үйленген. Екі бала тәрбеиелеуде.